Конституциялық комиссияның қарауына 10 мыңнан астам өтініш түскен – Әзімова

Автор: Бақыт Шынар

Комиссия мүшелері оларды әр салаға бөліп қараған

Фото: gov.kz

Конституциялық комиссия жұмысын бастағаннан бері жаңа Конституцияның жобасына қатысты 10 мыңнан аста өтініш түскен. Бұл туралы бүгін комиссияның кезекті отырысында Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Әзімова мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгінгі дейін Конституциялық комиссияның атына 10 мыңнан аста өтініш түскенін хабарлағым келеді. Бұл – комиссия мүшелерінің, азаматтардың, азаматтық қоғам өкілдері мен өзге де мүдделі тараптардың ұсыныстары. Барлық материалдар жүйеленіп, тақырып бойынша топтастырылды», - деді Әзімова.

Ол өтініштің көптігі қоғамның жаңа Конституцияның жобасына деген өте зор қызығушылығын білдіреді дейді.