Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Автор: Дәулет Ботагөз

Онда Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады

Фото: t.me/aqorda_resmi

10 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. .

«Жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады», – делінген хабарламада.

Айта кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдады. Сонымен қатар Тоқаев Исламабадта болған террорлық акті салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Асиф Али Зардари мен Шахбаз Шарифке де көңіл айтты.