Жапонияда қалың қар салдарынан көптеген адам қаза тапты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. .
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның солтүстік өңірінде жауған қалың қар салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге көңіл айтты.
«Осындай қиын сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, Сізге және Жапония халқына көңіл айтамын. Қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына сабыр, зардап шеккен отандастарыңыздың тезірек сауығып кетуін тілеймін», – делінген жеделхатта.