Ерлан Қарин жаңа Конституциядағы жекелеген баптардың мән-мағынасына тоқталды

Автор: Бақыт Шынар

Ол Астана әкімі Жеңіс Қасымбек айтқан ұсынысты қолдады

Фото: Ақорда

Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин кеше Астана әкімі тарапынан айтылған ұсыныстың мән-мағынасына тоқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен өзгеріске ұшыраған жекелеген баптардың мән-маңызына тоқталсам деймін. Кеше Жеңіс Махмұдұлы (Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек – авт.) өз сөзінде «Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі қағидаттары туралы» ұсыныс айтқан болатын. Бұл өте маңызды бап. Сіздердің қолдарыңыздағы Конституцияның жаңа нұсқасының бірінші бөлімі, 3-бабында бұл бап былай деп жазылады», - деген Қарин оны оқып берді.

Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі қағидаттары:

  • егемендік пен тәуелсіздікті қорғау;
  • адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
  • заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету;
  • жалпыұлттық бірлікті бекемдеу;
  • халықтың әу-ауқатын арттыру;
  • жауапты әрі әсемпаз отаншылдық идеясын орнықтыру;
  • қоғамдық диалогты дамыту;
  • еңбек, прогресс, білім құндылықтарын бекіту;
  • төл мәдениетті сақтау;  

«Баптың ауқымы мен аясы айтарлықтай кеңейді. Бұл норма жаңа прембуламен үндесіп тұр. Конституцияның жаңа редакциясындағы прембуламен қатар маңызды норма деп айтуға болады», - деді Карин.

Айта кетейік, бүгін Конституциялық комиссия Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасын таныстырды.