Бүгін палата жабық сьезд өткізіп, төрағаны сайлады
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезінде палата президиумының жаңа төрағасы сайланды – енді палатаны экс-министр Қанат Шарлапаев басқарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, Шарлапаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі министр лауазымынан кеткеннен ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болған. Бірақ, былтыр қыркүйекте бұл лауазымынан да кеткен еді.
Қанат Шарлапаев 1981 жылы Ресейдің Саратов облысында дүниеге келген.
Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін (РФ), Cranfield School of Management (Ұлыбритания) бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы банк секторында бастады.
2006-2008 жылдары "Сити" инвестбанкінің (Ұлыбритания, Чехия) өңірлік кеңсесінің қаржы департаментінде, жобаларды басқару департаментінде, операциялық-технологиялық департаментінде, сату басқармасында жұмыс істеді.
2008-2014 жылдары – "Сити" инвестбанкінде (Лондон, Ұлыбритания) аға талдаушы, вице-президент көмекшісі, акциялар нарығындағы жұмыс жөніндегі өңірлік дивизионның вице-президенті.
2014-2015 жылдары – "Сити" инвестбанкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).
2015-2017 жылдары – "Ситибанк Қазақстанның" бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті.
2017-2020 жылдары – Ресей Ситибанкінде Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті.
2020 жылдан 2022 жылға дейін "Сити" инвестбанкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры қызметін атқарды.
2022 жылы ақпанда "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы болған. Кейін министр, одан кейін президенттің көмекшісі лауазымдарына тағайындалған болатын.