Қорғаныс министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Автор: Бақыт Шынар

Ол бұрын Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы болған

Фото: Ұлттық қорғаныс университетінің баспасөз қызметі

 Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы болған Асқар Мұстабеков енді Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босады», - деп хабарлайды Ақорда.