Тоқаев: Дәрі-дәрмектерді негізсіз қымбаттатқандар жауапқа тартылады

Автор: Azattyq Rýhy

Ол пандемия кезінде бұған жол беруге болмайтынын айтты

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбатауына байланысты шағымдары орынды екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Азаматтардың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды. Кінәлілер жауапқа тартылады», - деп жазды Мемлекет басшысы.