Тоқаев Қатар әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Автор: Алмас Ерсін

Мемлекет басшысы Қатар халқына құт-береке тіледі

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі Тәмим бен Хамад Әл Тәниге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді және оның отандастарын Қатар мемлекетінің ұлттық мерекесімен құттықтады.

«Президент жеделхатында Қазақстан Қатарды араб әлеміндегі сенімді әрі басты серіктесі ретінде қарастыратынын жеткізіп, сындарлы және мазмұнды қарым-қатынастың жоғары қарқынмен нығайып келе жатқанын атап өткен. Сондай-ақ екіжақты байланыстың ілгерілеуіне Қатар әмірінің қосқан үлесін ерекше бағалайтынын мәлімдеген», - деп жазылған хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Қатар халқына құт-береке тіледі.