Мемлекет басшысы ертең елдің императорымен және премьер-министрімен келіссөздер жүргізеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
«Қазақстан президентін Токио қаласының Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды», - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысы ертең Жапония императоры Нарухитомен және премьер-министр Санаэ Такаичимен келіссөздер жүргізеді.