Ол достас Чили халқына құт-береке тіледі
Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Кастты Чили Республикасының президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
«Қазақстан президенті жеделхатта Чили елінің алдағы уақытта қарқынды дамуын жалғастырып, халықаралық аренадағы беделі арта түсетініне сенім білдірген», – делінген ақпаратта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Касттың жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Чили халқына құт-береке тіледі.