Ашхабадта ірі саяси форум өтіп жатыр
Ашхабадта өтіп жатқан Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан президенті БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ауқымды диалогты бастауы, ірі державалардың саяси ерік-жігер көрсетуі өте маңызды деп санайды.
Тоқаев сондай-ақ Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіретінін атап өтті.