Актрисаның анасы туралы ақпарат ғаламтор беттерінде өте сирек кездеседі
Azattyq Rýhy тілшісі әнші Қайрат Нұртастың әйелі, танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың анасы туралы желідегі ақпараттарға шолу жасап шықты.
Актрисаның анасы туралы ақпарат ғаламтор беттерінде өте сирек кездеседі. Алайда анасы туралы Жұлдыз Әбдікәрімованың Instagram парақшасында жариялап тұрады. Актрисаның анасы туралы жариялаған видеоларына қарап, анасы дінге бет бұрғанын байқауға болады.
«Бір айға созылатын сапарға жіберер алдында біраз уайымдадым. Ауа райы, жол, жаяу көп жүруге шыдай ма, денсаулықтары сыр бермей ме, деп уайымдағаным рас. Бірақ Алланың қалауымен ұлы сапардан аман-есен оралды. Әр мұсылман перзентінің жақсы арманы осы шығар?! Мен ұзақ армандаған едім. Оңай сапар болған жоқ. Жаңалықты өздеріңіз де көрген шығарсыздар?! Күннің ыстығына байланысты қаншама жолаушы жолда қаза тапты. Дәл сол күндері менің ата-анам сол жақта еді. Кейде байланыс болмай, хабарын біле алмай отырдық. Сол кездегі менің күйімді сөзбен жеткізу мүмкін емес», - деп жазды актриса.
Ал анасы туралы Жұлдыз Әбдікәрімова былайша ой бөлісті:
«Жүрек тыныштығымның кілті анамның күлкісінде екенін өзім ана болған сәттен сезгенмін. Анашымның ортамызда ұзақ жүргенін, балаларына риза болғанын, маңдайымнан мейірлене иіскегенін жаратқан көп көрмесе екен. Перзенттік парызымды өтеуге өле-өлгенше тырысарым анық. Он сегіз мың ғаламда дәл менің анам болғаныңыз үшін алғыс. Менің анашым, менің асылым, менің бекзадам», - дейді Қайрат Нұртастың әйелі.
Ол ата-анасының арасындағы сыйластығы мен құрметін де айтып берді.
«Анам мен әкемнің арасындағы махаббат пен сыйластыққа таң қаламын. Қанша жылдар мен жолдардан өтіп келе жатыр. Жай ғана өтіп емес, сезімдері жайқалып, толысып, даналықпен сабақтасқан ілтипатқа ұласып жатыр», - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасы туралы.
Айта кетейік, жуырда Жұлдыз Әбдікәрімова әкесі туралы мәлімет жариялаған болатын.
Еске салайық, Қайрат Нұртастың жаңа жылды әйелімен, енесімен бірге қарсы алғаны туралы хабарланған болатын.