Жарты жылда 12 мыңнан астам жүргізуші мас күйінде ұсталған

Автор: Azattyq Rýhy

Салдарынан 178 жол-көлік апаты тіркелді

Фото: istockphoto.com

Елімізде жарты жыл ішінде 3,9 млн жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды, 12 мыңнан астам мас күйінде көлік жүргізген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында жол қозғалысы ережелерін бұзу статистикасын ұсынды. Оның айтуынша, 1,3 млн бейнебақылау камерасы базасында жұмыс істейтін автоматты тіркеу жүйе 3,9 млн жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісін анықтады.

«9 мыңға жуық автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, жалған нөмірлері бар 173 автомобиль анықталды», - деді ол.

Алекешевтің айтуынша, мас күйінде көлік жүргізу себебінен жыл басынан бері 178 ЖКО орын алып, 26 адам қаза тапты.