Қазақстандықтар өткен жылы 14 млн рет ойын-сауық орталығына барған

Автор: Azattyq Rýhy

Елде 230 ойын-сауық және демалыс саябағы бар

Фото: Mega Silk Way

Ұлттық статистика бюросы ойын-сауық және демалыс орталықтарына байланысты қызық деректерді жариялады. Мәселен, ойын-сауық саябақтарының 19,1% ауылды жерлерде орналасқан, олардың саны – 44, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2023 жылы Қазақстанда 230 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеді. Оның 29,6% мемлекеттік меншікте, 69,1% жеке меншікте, 1,3% шетелдік меншікте.

«Өңірлерде демалыс және ойын-сауық саябақтарының ең көп саны – Түркістан облысында (27 саябақ), Шымкент (25 саябақ) және Астана (22 саябақ) қалаларында. Ашық аспан астында орналасқан ойын-сауық және демалыс саябақтарының жалпы ауданы 2,2 мың га құрайды. Саябақтарда барлығы 4130 ойын-сауық нысаны бар, олардың 1641 – аттракциондар, 1673 – ойын автоматтары, 816 – басқа түрлері. Өткен жылы ойын-сауық және демалыс саябақтарына қазақстандықтар 14,7 млн рет барған», - деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.