Бұдан бөлек бір тәулікте 83 адамның індетті жұқтырғаны белгілі болды
Денсаулық сақтау министрлігі 28 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады.
«26 қаңтарда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 83 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 88 адам емделіп шықты», - делінген хабарламада.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 47658, 564 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 35436 жетті.