Коронавирустан емделіп жатқан 155 науқастың жағдайы ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 608 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 340 бала бар. Стационарларда 2 646 науқас жатыр. 2 962 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы, науқастардың арасында 155 адамның халі нашар. Соның ішінде 22 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Өткен тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанып қалған 231 жағдай тіркелді. Бір тәулік ішінде 51 адам жазылып шыққан.

Айта кетерлігі, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап 38 721 адам ауырды, 406 өлім жағдайы тіркелді, барлығы 29 014 адам сауығып шықты