Ақ халаттылар қазасының ең көбі АҚШ, Ұлыбритания және Бразилияда тіркелген
Пандемия басталғаннан бері кем дегенде жеті мың медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы Amnesty International халықаралық үкіметтік емес ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Ұйымның мәліметінше, дәрігерлердің көпшілігі АҚШ, Ұлыбритания, Бразилия, Ресей, Үндістан және Оңтүстік Африкада қайтыс болған. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласындағы инфекция құрбандарының нақты саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Amnesty International өкілдері тағы да мемлекеттерді медицина қызметкерлерін қорғау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырды.