Олардың үстінен «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды
Қызылорда облысының Полиция департаменті бірнеше адамға іздеу салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаменті іздеу жарияланған бес ер адамның аты-жөнін атады. Олар Қылмыстық кодекстің 293/3б тармағы, яғни «Бұзақылық» бабы бойынша іздестіріліп жатыр.
Іздеу жарияланған ар адамдардың аты-жөні:
«Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін ақшалай сыйақы көзделген, анонимділікке кепілдік беріледі. Егер қандай да бір ақпарат білсеңіз, 29-70-10,29-57-07, 87013695535 немесе 102-ге хабарласуыңызды сұраймыз», - делінген Қызылорда облысының Полиция департаменті хабарламасында.