Тоқаев сәрсенбі күні Бішкек қаласына барады

Автор: Асыл Арман

ҰҚШҰ-ның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сәрсенбі күні Бішкек қаласына баратын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 26-27 қараша күндері ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барады.