KASE-де күндізгі сауда нәтижесінде доллардың орташа бағамы жарияланды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 519,98 теңгені құрады. Бұл кешегі көрсеткіштен 1,05 теңгеге жоғары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 24 қарашаға арналған ресми бағамы – 518,66 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағасы – 519,76 теңге, сату бағасы – 521,66 теңге.
Астанада доллар орташа есеппен 518,71 теңгеге сатып алынып, 523,44 теңгеге сатылуда.
Шымкенттегі айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағасы – 519,7 теңге, ал сату бағасы – 521,78 теңге.