Түрікменстан президенті Астанаға келді

Автор: Асыл Арман

Астана халықаралық әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, Астана халықаралық әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.

Айта кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 24-25 қараша күндері Астанаға Түрікменстан президенті келетіні хабарланған болатын.