Ақтауда бозбала ірі сауда орталығына бомба қойылғаны туралы жалған хабар таратқан
Жасөспірім көп ұзамай қолға түсті
Ақтауда бозбала ірі сауда орталығына бомба қойылғаны туралы жалған хабар таратқаны үшін қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 25 қазанда «1414» Telegram-арнасына ірі сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Хабарлама авторы 78 млн теңге төлеуді талап еткен.
Желідегі мәліметке сүйенсек, полиция жедел түрде хабарлама жіберген адамды анықтады. Ол – кәмелетке толмаған жасөспірім болып шықты. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша «терроризм актісі туралы жалған ақпарат беру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ведомствоның хабарлауынша, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген жедел шаралар нәтижесінде терроризм туралы жалған хабар таратқан жасөспірім анықталып, ұсталған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына жеткізілген.