Екібастұз кенішінде электр слесарі тоққа түсіп, көз жұмды

Автор: Аягөз Құрмаш

Ер адам 31 жаста болған

Фото: Azattyq Ruhy

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, жазатайым оқиға «Богатырь көмір» ЖШС-де болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

31 жастағы электр слесарін тоқ соғып, салдарынан жұмысшы мерт болды.

Департамент өкілдері жазатайым оқиғаны тергеуді ұйымдастырып жатыр. Соның нәтижелері бойынша мән-жайы мен себебі анықталады.

Жергілікті басылым хабарлағандай, «Богатырь көмір» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды. Компания қайтыс болған жұмысшының туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Марқұмның отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі.