Олар «Копенгаген – Қайрат» халықаралық матчы алдындағы дайындығымен танысуда
Алматының полиция қызметкерлері «Қайратпен» бірге Данияға барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдағы күндері өтетін «Копенгаген – Қайрат» халықаралық футбол матчы алдында қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәжірибесімен танысу мақсатында Алматы қаласының полиция өкілдері Дания еліне іссапармен барды.
Делегация құрамында Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев және Әуезов аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәурен Мәйлікбаев бар.
«Сапардың негізгі мақсаты – халықаралық матчтар кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жүйесін жан-жақты зерделеу. Соның ішінде стадион инфрақұрылымымен, кіру-шығу тәртібімен, жанкүйерлер қозғалыс бағыттарымен, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларымен және қауіпсіздік қызметтерінің өзара әрекеттесу тәртібімен танысу жоспарланған.
Үш күн бойы алматылық полицейлер екі тілде бейнекүнделік жүргізіп, Алматыда өтетін футбол матчтарын ұйымдастыруға қолдануға болатын негізгі байқаулар мен тәжірибелер жөнінде бөлісетін болады. Белгілі болғандай, қаламызда халықаралық деңгейдегі ойындар дәстүрлі түрде Орталық стадионда өтеді», – делінген қалалық ПД хабарламасында.