Павлодар облысында Lexus LX570 мінген жүргізуші 177 км/сағ жылдамдықпен жүрген

Автор: Асыл Арман

Оқиға республикалық маңызы бар РФ (Омбы) – Павлодар автожолында болды

Фото: Павлодар облысы ПД

Павлодар облысында Lexus LX570 мінген жүргізуші 177 км/сағ жылдамдықпен жүргені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға республикалық маңызы бар РФ (Омбы) – Павлодар автожолының 249-шақырымында болған. «Lexus LX570» маркалы автокөлік жүргізушісі рұқсат етілген жылдамдық 100 км/сағ болған жағдайда, 177 км/сағ жылдамдықпен жүрген. Аталған жүргізушіге қатысты айыппұл төлеу туралы ұйғарым шығарылды.

Жүргізушінің немесе жолаушының асығыстығы ешқашан қозғалыс жылдамдығын анықтамауы тиіс. Өйткені кез келген асығыстық жылдамдықтың артуына әкеліп, жол қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді.

«2025 жылдың ағымдағы кезеңінде облыс жолдарында жылдамдық режимін бұзудың шамамен 120 мың фактісі анықталды. Құқықбұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті.