Шлагбаумның ерекшелігі айтылды
Астана қаласында 5-сынып оқушысы Әлихан Төлебай ерекше шлагбаум ойлап шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қала әкімдігінің мәліметінше, оқушы №111 жалпы орта мектебінде білім алып жүр, 5-сынып оқушысы ардуино негізінде «Ақылды шлагбаум» құрастырып шығарды.
«Қазіргі кезде көлік қозғалысын тиімді басқару – үлкен қалалар мен білім беру мекемелері үшін маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан бұл ақылды шлагбаун уақытты үнемдеп, қауіпсіздікті арттырып технология дамуының негізгі бағыты.
Осыған сай Әлихан Төлебай өз қолымен инновациялық әрі пайдалы жоба құрастырып шығып, көлік жақындағанда өзі ашылатын «Ақылды шланбаум» жобасын таныстырды», – дейді Астана әкімдігі.
Оның ерекшелігі шлагбаумға көлік жақындаған сәтте жүйе оны автоматты түрде таниды және кедергіні көтеріп, жүргізушінің бөгетсіз өтуіне мүмкіндік береді.
Бұл оқу орны ауласына, тұрақтарға және жеке аумақтарға кіруді бақылауда өте тиімді шешім дейді.