Олар шыңға шыққанда қараңғы болып кеткен
Іле Алатауының Үлкен Алматы шыңына шыққан екі адам қараңғы түскендіктен өз бетінше төмен түсе алмай, қиын жағдайда қалып, амалсыздан құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ мәліметінше, олар шыңға күндіз көтерілген, бірақ қараңғы түскендіктен төмен түсу мүмкін болмаған. Көмек сұрап, өздерінің Қотырбұлак шыңында екенін хабарлады.
Оқиға орнына шыққан ТЖМ құтқарушылары Қотырбұлак шыңы бағытында жүріп, оларды Букреев шыңында тапты.
«Үйлесімді және кәсіби іс-қимылдардың арқасында барлық олар таудан сәтті түсірілді. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.