Кинотеатрға мән-мағына іздеп баратын адамдарды түсіне алмаймын – Ақерке Арыс

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол кинотеатрға мән-мағына іздеп барудың еш қисыны жоқ екенін ашып айтты

Фото: instagram.com/akerke_aryss/Видеодан скрин

Танымал блогер, актрисалық қырымен көзге түсіп жүрген Ақерке Арыс киносыншыларына үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол кинотеатрға мән-мағына іздеп барудың еш қисыны жоқ екенін ашып айтты.

«Кинотеатрға мән-мағына іздеп баратын адамдарды түсіне алмадым. Киноға бардың ба, бардың. Ұнамады ма, ұнамады, болды. Осыған дейін шыққан «Сұр түстің 50 реңкі» сияқты киноға не мән-мағына іздеп бардыңдар. «365» деген кинода қандай мағына бар? Сол маған қызық болып тұр. Оны жарыса жазасыңдар», - дейді блогер.

Ол сөзін жалғай отырып, сын айтатын қауымға қатысты өз ойын былайша жеткізді:

«Ал мынау сынайтқыштарға айтарым, су ішкен құдықтарыңа өте қатты түкіреді екенсіңдер. Аздап болса да адамгершілік деген болуы керек қой. Бетке айтамын деп бетке айтпайды, оның астарында көреалмаушылық болады», - дейді Ақерке Арыс.

Айта кетейік, осыған дейін әзілкеш Қайрат Әділгерейдің әйелі Мөлдір Мұқанованың фильміне қатысты сыни пікірін айтқан болатын.