Композитор ел арасында тараған қауесетке байланысты түсініктеме беріп өтті
Белгілі композитор Марат Омаров Нұрлан Өнербаевтан 37 жыл шырқаған «Анашым» әнін неліктен тартып алғанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Композитор өз сөзінде ел арасында тараған қауесетке байланысты түсініктеме беріп өтті.
«Шынымды айтсам, әнді қайтып алды дегенді естіп күлкім келіп отыр. Соңғы уақытта «Анашым» әніне байланысты түрлі ақпарат тарап жатыр. Соны түсіндіргім келеді. «Анашым» – менің анама арнап жазылған жүрек әнім. Оның сөзі «Қайрат Жұмағалиев, ал әнінің авторы – мен, яғни Марат Омаров. Кезінде осы әнді Нұрлан Өнербаев бауырым өзі сұраған кезде, гитарамен отырып, барлық интонациясымен үйретіп, оған берген болатынмын. Оны Нұрлан халыққа жеткізіп орындай білді. Өзінің баритондық тембрімен жеткізді. Оған ризашылығымды білдіремін», - дейді Марат Омаров.
Ол сөзін жалғай отырып, «Анашым» әнін Нұрлан Өнербаевтан тартып алмағанын, бірақ авторлығын халыққа жеткізуді сұрағанын ғана айтып өтті.
«Жылдар өте келе «Анашым» әні Нұрлан Өнербаевтікі деп қабылдап кетті, барлық материалда, караокеде Нұрлан Өнербаевтың аты-жөні жазылады да авторлығы жазылмайды. Осыған байланысты көбісі маған хабарласты, мен оған аса мән берген жоқпын. Бірақ Нұрлан Өнербаев әнді әдемі орындайды да, оның авторларын айтпайды дейді.
Халықтың бірі білсе, бірі білмейді. Тыңдармандарымның бірі құттықтап, «Нұрлан Өнербаев әйтеуір айтты ғой, бірақ ол неге авторын айтпайды» деп жатыр.
Нұрлан, артық кетіп жатырсың, мен сенен әнді сұраған жоқпын, әнді орындама деген емеспін. Бірақ кездескенде, менің айтқаным бар «Сен егер автордың аты-жөнін айтпасаң, онда әнді орындамай-ақ қой. Себебі, қазір авторлық құқық қорғау органдары бар», - дейді Марат Омаров.