$ 518.66  597.44  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада полицейді ұрамын деп қорқытқан ер адам сотталып кетті

Оқыс оқиға биыл 15 шілде күні болды

Астанада полицейді ұрамын деп қорқытқан ер адам сотталып кетті
Фото: freepik.com

Астанада құқық қорғау қызметкеріне күш қолданамын деп қоқан-лоққы көрсеткен ер адам сотталды. Сот оған бір жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға қалай болды?

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың 15 шілдесінде Астанада жүрген ер адам полиция қызметкерінің заңды талабын орындаудан бас тартқан. Полицей оны әрі қарай тексеру үшін аудандық басқармаға алып бармақ болған.

Алайда ер адам заңды талапқа бағынбай, полиция қызметкеріне күш қолданатынын айтып, ауызша ескерткен.

«Сотталушының кінәсі оның өз мойындауы, жәбірленушінің сөзі, заттай айғақтар және қылмыстық іс материалдары арқылы дәлелденді», — деп хабарлады сот.

Сот шешімі

Үкім шығару кезінде сот айыпталушының кінәсін мойындағанын, шынайы өкініш білдіргенін және бұған дейін сотталмағанын ескерген. Істе ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Сотталушының жеке басын, құқық бұзушылықтың сипатын және оның материалдық жағдайын ескере отырып, сот оған бір жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасын белгіледі.

Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары