$ 518.66  597.44  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада өткен Silk Way Star байқауының жеңімпазы анықталды (ВИДЕО)

Байқаудың финалында 7 әнші бақ сынады

Астанада өткен Silk Way Star байқауының жеңімпазы анықталды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Астанада Silk Way Star алғашқы азиялық вокалдық жобасының финалы өтті. Байқаудың жеңімпазы – Моңғолиядан келген Мишель Джозеф. Жеңімпаздың есімін Димаш Құдайберген жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мишель Джозеф – Моңғолияның танымал әншісі әрі бірқатар әннің авторы. Ол моңғол және ағылшын тілдерінде өнер көрсетеді.

Silk Way Star финалын Қазақстаннан бөлек, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Грузия елдерінің телеарналарында көрсетілді.

Финалда жеті әртіс бақ сынады: Язмин Азиз (Малайзия), Мадинабону Адылова (Өзбекстан), Мишель Джозеф (Моңғолия), Автандил Абесламидзе (Грузия), ALEM (Қазақстан), Саро Геворгян (Армения) және Чжан Хэ Сюань (Қытай).

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Silk Way Star халықаралық жобасының қатысушыларын құттықтағаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары