Оның денесі турникке асылып тұрған күйінде табылған
Солтүстік Қазақстан облысының полициясы Петропавлда болған қайғылы жағдайға қатысты ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
20 қарашада қалада 52 жастағы жергілікті тұрғынның денесі табылған. Полицияның алдын ала мәліметінше, ер адам суицид жасаған болуы мүмкін.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады ведомство.
Еске салайық, ер адамның денесін туыстары турникке асылып тұрған жерінен тауып алған. Шақырту бойынша келген жедел жәрдем бригадасы дәрігерлер жеткенге дейін оның механикалық асфиксия салдарынан қайтыс болғанын анықтады.