Тұман, көктайғақ, боран: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Синоптиктер тұрғындарға ескерту жасады

Фото: pixabay

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман, көктайғақ және күшті жел болатынын хабарлап, дауылды ескерту жариялады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Астанада желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жетісу және Қарағанды облыстарында тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында тұман, көктайғақ, сондай-ақ 15-20 м/с жылдамдықтағы жел күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, көктайғақ, боран, күшті жел және тұман болжанып отыр.

Ақтөбе, Талдықорған, Қызылорда қалаларында, сондай-ақ Атырау, Ұлытау, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында тұман күтіледі.