Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды
Ақмола облысында өрт сөндіруші сүйіктісіне ерекше жағдайда тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, №29 өрт сөндіру бөлімшесінің командирі құтқарушы Абзал Темірбаевты демалыс күні шұғыл жағдайда жұмысқа шақырады.
Құтқарушымен бірге сүйіктісі де ере келеді. Міне, осыдан кейін Абзал Темірбаев арнайы дайындалған, ағылшын тілінде жазылған «Marry me?» алып жазуының алдында сүйіктісіне «Маған тұрмысқа шығасың ба?» деп көптен күткен ұсынысын жасады. Құтқарушы жігіттің қалыңдығы да бірден «Иә» деп келісімін берді.
«Жас жұбайларға бақытты өмір тілейміз!» - деп жазды Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті желідегі парақшасында.