Қызметі тоқтап тұрған 4 кәсіпорынның жұмысы қайта жанданды
Қызылорда облысында кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытындағы тексерістер нәтижесінде 15 шенеунік тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы өңір прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында облыс прокуроры Ризабек Ожаров кәсіпкерлер және инвесторлармен жүздесіп, бизнеске әкімшілік қысым көрсету фактілерін болдырмау қажеттігін атап өтті.
Кездесу барысында бизнес жүргізудегі өзекті мәселелер, тексерістердің заңдылығы және кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау тетіктері талқыланды.
Өңірлік прокуратура биыл бірқатар маңызды нәтижеге қол жеткізген:
Прокуратура мәліметінше, 45 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 15-і – облыстық және аудандық деңгейдегі басшылар.
Тағы 4 мемлекеттік қызметші кәсіпкерлікке заңсыз араласқаны және тексеріс тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура жыл ішінде 590 кәсіпкерге қатысты заңсыз тексерістердің алдын алды. Соның ішінде 190-ы — СЭС тарапынан жоспарланған тексерістер. 21 материал бойынша тексеріс жүргізуге келісім бермеді.
Өңір прокуратурасы бизнеске заңсыз қысым жасау фактілерін болдырмау жұмысын жалғастыратынын жеткізді.