Көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар трассада көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұған «Қалқаман» көлік айрығындағы құрылыстық ақау себеп болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей шекарасы бағытындағы автожолда орналасқан «Қалқаман» айрығы құрылысындағы шеткі арқалықтар зақымданған.
Ақау 22 қараша күні түнгі 00:30-да анықталып, қауіпсіздік мақсатында барлық автокөлік түріне қозғалыс уақытша тоқтатылды.
Қалқаман ауылына кіретін және Астанаға шығатын жол бөлігі толық жабылды.
Қозғалыс келесі бағыттарға ауыстырылды:
Жол жабылғанымен, Қалқаманнан Павлодарға шығу ашық, Астанадан Қалқаманға кіру де шектелмеген. Яғни ауылдың қала және елорда бағытындағы ішкі байланысы толық тоқтаған жоқ.
Инженерлік құрылымдағы зақымның нақты себебі мен қалпына келтіру мерзімі әзірге анықталып жатыр.