$ 518.66  597.44  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның сегіз қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды

Бұл қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдай тіркеледі

Қазақстанның сегіз қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды
Фото: © istockphoto.com

22 қарашада Қазақстанның сегіз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай тіркеледі. Синоптиктер тұрғындарға сыртта ұзақ жүрмеуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қай қалаларда жағымсыз метеожағдай күтіледі?

«Қазгидромет» мәліметінше, сенбі күні келесі қалаларда қолайсыз метеожағдай байқалады:

  • Алматы
  • Атырау
  • Шымкент
  • Қарағанды
  • Жезқазған
  • Балқаш
  • Теміртау
  • Астана – түнде.

Маман­дардың айтуынша, қолайсыз метеожағдай – атмосферадағы зиянды заттардың тарауына кедергі келтіретін ауа райы факторларының жиынтығы. Оған штиль, әлсіз жел, туман мен инверсия секілді құбылыстар кіреді. Мұндай жағдайда қаланың төменгі қабатында зиянды бөлшектер жиналып, ауаның ластану деңгейі өседі.

Тұрғындарға қандай қауіп бар

Қолайсыз метеожағдай кезінде денсаулыққа зиян заттар ауада қалып, әсіресе ірі автожолдардың маңында шоғырланады.

Дәрігерлердің кеңесі:

  • серуен уақытын шектеу
  • автотрасса, өндірістік аймақ маңында жүрмеу
  • үй-жайда желдеткіш пен тазартқыш құрылғыларды пайдалану.

Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрілерін өзімен алып жүруге тиіс.

Қолайсыз метеожағдай кезінде далада ұзақ жүрмеңіз, сыртта спортпен айналысуды кейінге қалдырыңыз, балалар мен қарт адамдарды үйде қалдырған дұрыс, маска немесе респиратор қолдану ауадағы бөлшектерден қорғайды.

Серіктес жаңалықтары