Ұрыға бейнебақылау жүйесі де, күзет дабылы да кедергі болмаған
Көкшетау тұрғыны азық-түлік дүкендерін, киосктерді және тауарларды беру пункттерін тонады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 31 жастағы ер адам Көкшетаудың түрлі аудандарында орналасқан азық-түлік дүкендерінің, киосктердің және тауарлар беру пункттерінің үй-жайларына кіріп, азық-түлік пен ақша қаражатын ұрлаған.
«Бүгінгі күнге дейін бес эпизод туралы белгілі, алайда полицейлер оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруді жалғастырып жатыр», - деп жазылған хабарламада.
Жедел қызметкерлердің айтуынша, бейнебақылау жүйесі де, күзет дабылы да ұрыға кедергі болмаған.
«Мысалы, ер адам дүкендердің біріне бөлменің артқы қабырғасын бұзып кірген. Айыпталушының қылмыстық әрекеті бейнебақылау камераларымен, сондай-ақ заттай дәлелдемелермен анықталды», - дейді полицейлер.
Қазіргі уақытта ұрлықтың барлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексер жүргізіліп жатыр. Тергеу кезеңінде қала тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.