Дүйсенбі күні Астанаға Түрікменстан президенті келеді

Автор: Асыл Арман

Ол Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 24-25 қараша күндері Астанаға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, сапар аясында тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.