Ресми доллар бағамы жарияланды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы 518,66 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,37 теңгеге жоғары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 21 қарашаға арналған ресми доллар бағамы – 518,19 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 519,48 теңге, сату бағамы – 521,38 теңге.
Астанада долларды орта есеппен 519,25 теңгеге сатып алып, 522,78 теңгеге сатады.
Шымкенттегі айырбастау пунктерінде долларды орташа есеппен 519 теңгеге сатып алып, 521,09 теңгеге сатады.