Ресейде қалып қойған қазақстандықтар үшін арнайы рейс қатынамақ

Автор: Azattyq Rýhy

 Мәскеуден Алматыға және Нұр-Сұлтанға репатриациялық рейстерге өтініш беру жүріп жатыр

Ресейден Қазақстанға оралғысы келетін Қазақстан азаматтары үшін «Эйр Астана» әуе компаниясы жеткілікті сұраныс пен үкімет мақұлдауы болғанда Мәскеудегі Домодедово әуежайынан Нұр-Сұлтанға және / немесе Алматыға чартерлік рейсті орындамақ. Бұл туралы компанияның ресм сайтында хабарланды.

«Air Astana 7-11 шілде аралығында Мәскеуден Нұр-Сұлтанға және/немесе Алматыға азаматтарды елге қайтаратын рейс орындайды. Нұр-Сұлтанға билет құны бір жаққа 250 АҚШ доллардан және Алматыға 300 доллардан  басталады», - делінген хабарламада..

Компания өтініш бергендермен 72 сағат ішінде байланыс орнатады. Немесе  +7 (495) 287 70 08/09 телефонына хабарласуға болады.