Астанада тұмаудың өршуіне байланысты емханалар демалыс күндері де жұмыс істейтін болды

Автор: Асыл Арман

Тұмауға байланысты арнайы қаулы қабылданды

Фото: istockphoto.com

Астана қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айгүл Шағалтаева тұмаудың өршуіне байланысты арнайы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаулы бойынша мынандай міндеттер орындалуы тиіс:

  • Үйге шақыртуларды қамтамасыз ету үшін жағдай жасау (қосымша автокөлік құралдарын бөлу, жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету, тіркеу бөлімінің кезекшілік режимін ұйымдастыру);
  • Медициналық персонал мен пациенттердің маска режимін сақтауын қамтамасыз ету;
  • Пациенттердің емханада болу уақытын шектеу, науқастарды қабылдауға арналған қосымша кабинеттерді бөлу;
  • Аумақта және Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – МСАК) көрсету ғимараттарына кіреберістерде сүзгі-кабинеттер үшін қажетті жағдайлардың болуы;
  • МСАК сүзгі-кабинеттерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
  • ЖРВИ, ТТА, АЖРИ және тұмау белгілері бар адамдарды дәрігердің қарауы мен емдеу шараларын тағайындау үшін арнайы бөлінген бөлмеге оқшаулау (қажет болған жағдайда зертханалық тексеруге жағынды алу және т.б.), сондай-ақ пациентті амбулаториялық немесе стационарлық емдеуге жіберу;
  • Жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларда ЖРВИ, тұмау және олардың асқынулары (пневмония) белгілері байқалған жағдайда үйге шақыртуларды бірінші кезекте орындау, күнделікті патронаж жүргізу және дер кезінде госпитализациялауды қамтамасыз ету;
  • Қосымша телефондар орнату және үйге шақыртуларды орындауды қамтамасыз ету, тұмауға күдікті, ауыр және орташа ауыр деңгейдегі ЖРВИ бар науқастарға консультациялық көмек көрсету және қажет болғанда госпитализациялау;
  • Медициналық ұйымдардың жұмыс уақытын денсаулық сақтау ұйымдарының ішкі актілеріне сәйкес 08:00-ден 20:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 08:00-ден 18:00-ге дейін ұзарту;