Қазақстанның бірқатар өңіріндегі тасжолда күн райы бұзылады
«КазАвтоЖол» АҚ 20 қараша күні ауа райы күрт нашарлайтын республикалық тасжолдар туралы мәлімет таратты, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ұлттық компанияның мәліметінше, Қазақстанның бірнеше облысында жауын-шашын түсіп, жолдарда көктайғақ пайда болуы және көріну қашықтығының төмендеуі мүмкін.
Қолайсыз ауа райы болуы мүмкін өңірлер:
Жекелеген аумақтарда жаңбыр, дымқыл қар және қар жаууы ықтимал.
«КазАвтоЖол» жүргізушілерді барынша сақ болуға, әсіресе көктайғақ болуы мүмкін учаскелерде жылдамдықты төмендетуге және көліктер арасындағы қашықтықты сақтауға шақырады.
Сонымен бірге, алыс жолға шығарда ауа райы мен жол жағдайын ескерген жөн екені еске салынады.
Республикалық жолдардың жағдайы туралы жедел мәлімет алу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 колл-орталығына хабарласуға болады.