Қазақстанның 8 қаласында тұрғындарға ескерту жасалды

Автор: Асыл Арман

«Қазгидромет» мәліметі жарияланды

Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 20 қараша күні, еліміздің сегіз қаласында атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл құбылыс зиянды қоспалардың жерге жақын ауа қабатында жиналып, таралмай қалуына әсер ететін бірқатар метеорологиялық фактордың қосылуына байланысты.

«2025 жылғы 20 қарашада Алматы, Атырау, Шымкент, Павлодар, Жезқазған, Балқаш, Өскемен және Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», – деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.

ҚМУ деген не және ол несімен қауіпті?

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМУ):

  • Тымық ауа,
  • әлсіз жел,
  • тұман,
  • температуралық инверсия

Олар атмосферадағы ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіріп, шоғырлануына себеп болады. Бұл өз кезегінде ауа сапасының уақытша нашарлауына әкеледі, әсіресе құрылысы тығыз аудандар мен өндірістік аймақтарда.