Бішкекте коронавирус жұқтырған жүкті әйел егіз босанып, артынша қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Сәбилер аман, дәрігерлердің бақылауында

Фото ашық дереккөзден

Бішкекте 27 жастағы келіншек COVID-19 вирусынан көз жұмды. Ол қайтыс боларынан бұрын егіздерді дүниеге алып келген, деп жазады Sputnik.kg.

Елдің бас гинеколог-акушері Раиса Асылбашеваның айтуынша, сәбилер 8 айлық боп дүниеге келген. Оларды анасы кесір тілігі арқылы босаныпты.

«Дәрігерлерге ол 30 апталығында гипертония ауруымен келді. Алғашында науқаста вирусты инфекция байқалды. Дәрігерлермен ақылдаса келе екі рет ПТР-тест алынды. Екеуінде де тест теріс нәтиже көрсеткен. Тек босанғаннан кейін алынған үшінші тест коронавирустың барын анықтады. Алайда, келіншектің өмірін аман алып қала алмадық», - деді Асылбашева.

Сәбилер шала туған, олар қазір дәрігерлердің бақылауында.