Биыл жылқы өсімі көбейген
Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде ерекше орын алатын жылқы еті мен қымыз бүгінде әлеуеті жоғары сала бола тұра, толық пайдаланылмай отыр. Бұл жайлы Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Аманжол Әлтай өзінің депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жылқы басы екі таңбалы өсім көрсеткен. Бұл жылқы етінің ішкі нарығында тұрақты шикізат қоры қалыптасқанын білдіреді. Соған қарамастан, жылқы түлігін тиімді пайдалану жолдары әлі жүйеленбеген. Көбіне мал қара базарларда немесе көрші елдерге арзан бағамен сатылып жатыр. Балабақшалар, мектептер, колледждер, медицина ұйымдары, сондай-ақ әскерилер мен өндіріс орындарының жұмысшыларына жылқы етін енгізу халық денсаулығын нығайтатын маңызды қадам», - дейді Әлтай.
Оның айтуынша, қазіргі таңда көптеген ұйымның үлгілік тізімдерінде жылқы еті қарастырылмаған.
«Бұған қоса, бірегей техникалық карталар, сапа талаптары, сатып алу әдістемелері жоқ, ал фермерден тікелей кооперативтік сатып алу жүйесі мүлде реттелмеген.Жылқы еті өндірісі ондаған мың тоннаға жетсе де, ресми экспорт көлемі жылына небәрі 0,2 тонна шамасында қалып отыр», - деді Аманжол Әлтай.
Негізгі себептер:
Экспортты ұлғайту ұлттық өнімнің халықаралық нарықтағы орнын күшейтіп, шикізаттық емес валюталық түсімді арттыра алады.
Депутат жылқы еті нарығын реттеу және дамыту үшін Үкіметке келесі ұсыныстарды жолдады:
Жылқы етін нарыққа шығаруда сапалы жүйе қалыптасса: