Синоптиктер болжамы белгілі болды
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, ал солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде төменгі қарлы боран мен көктайғақ байқалады.
Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ 22 қарашада батыс пен солтүстік-шығыста антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
«Республика бойынша желдің күшеюі және тұман күтіледі. Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болжанбайды», – делінген синоптиктер болжамында.