Ақтөбеде ер адам әйелімен ренжісіп қалғаннан кейін аялдаманы сындырып тастады (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оқиғаның видеосы өтіп бара жатқан көліктің камерасына түсіп қалған

Фото: Видеодан скрин

Ақтөбеде ер адам әйелімен ренжісіп қалғаннан кейін аялдаманың әйнегін аяғымен теуіп сындырып тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желідегі мәліметке сүйенер болсақ, полицейлер аялдаманың қабырғасын тепкен ер адамды ұстады. Оның әрекеті туралы видео әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін құқық қорғаушылар тез арада анықтап, қолға түсірді.

Ер адамның айтуынша, әйелімен сөзге келіп, ашуын аялдамадан алған. Полицияда оған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ол өз кінәсін мойындады, іс материалдары шешім қабылдау үшін тиісті органға жіберілді.