$ 519.41  600.85  6.41
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да парақорлардан қайтарылған ақшаға 290 км су желісі салынды

СҚО-ның бірнеше ауылында су желілерін салу аяқталды

СҚО-да парақорлардан қайтарылған ақшаға 290 км су желісі салынды
Фото: istockphoto.com

СҚО-да жемқорлардан қайтарылған активтер есебінен сумен жабдықтау нысандары іске қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекет басшысының халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында прокуратура органдары қайтарған қаражат есебінен сумен жабдықтау саласында өңірде бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта Булаев топтық су құбырын қайта құру, Ақжар және Тайынша аудандарының елді мекендеріне су желілерін салу аяқталды. Салынған құбырлардың жалпы ұзындығы 290 шақырымнан асады.

Көкшетау топтық су құбырына жалғасатын Шал ақын және Айыртау аудандарының 24 ауылын ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбырының құрылысы аяқталуда.

Бұл жобаларды жүзеге асыру қадағалау органының бақылауында.

«Атқарылған жұмыстардың арқасында 22 мыңнан астам ауыл тұрғыны таза ауыз суға қол жеткізе алады, бұл облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартады.

Облыс прокуратурасы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік жобалардың орындалу барысын бақылауды жалғастыруда», – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары