Қазақстанда доллардың құны 521 теңгеге дейін арзандады

Автор: Асыл Арман

Доллардың орташа салмақты бағамы KASE биржасында 521,01 теңге болды

Фото: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндік сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа салмақты бағамы 521,01 теңге болып, 2,63 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкінің ресми курсы 18 қарашаға 524,14 теңгені құрайды.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орташа есеппен 522,32 теңгеден сатып алады, 524,19 теңгеден сатады. Астанада сатып алу бағамы – 519,54 теңге, сату бағамы – 526,52 теңге. Шымкентте долларды орташа есеппен 521,82 теңгеден сатып алып, 523,91 теңгеден сатады.